Page 139 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 139

special.edu.kz.




            Дана:                          special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Саша, біз ол жерге Бату екеуміз жеке-жеке бардық.
        Және де мен былтыр қайтыс болған әжемді көрдім. Мен
        әжеммен Жыланды тауына бардым. Менің әжем тірі кезінде
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        адамдарды түрлі шөптермен емдейтін және әйгілі сынықшы
        болған.
            – Маған бауырмен жорғалаушылар туралы әңгіме ұна-
        майды,– деп Саша сөз қайтарды.
            – Өзің уландырушысың, – деді ашумен Дана. – Бату, сенің
        әкең дәрігер емес пе? Есіңе түсірші, халықаралық медици-
        налық таңбаны*, – деп Дана ашуланып жауап берді. – Тос-
        таққа оратылған жыланды да есіңе түсірші.
            Саша үнсіз қалды.
            – Осының бәрін әжем білген және менің де әжемдей емші
        болатынымды осы түнде айтты, – деді де, Дана ролигіне оты-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        рып кетіп қалды.
            Саша мен Бату да Дананың артынан ілесі.
                                                (З. Наурызбаевадан, Л. Калаустан.)

                 қаздай қалқып – құстың қимылындай
                 медициналық таңба – белгі


                1. Бату қандай түс көрді?
                2. Сашаға кімнен хабарлама келді? Ол не жазды?
                3. Бату Сашаны не деп таңғалдырды?
            4. Саша Батудан не деп сұрады? Неге мұңайды?
            5. Сашаның иығынан қағып Бату не деді? Олардың қасына кім келді?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            6. Бату мен Дана не жайлы сөйлесті? Саша таңғалып Данаға не деді?
            7. Дана әжесімен тірі кезінде қайда барған? Әжесі кім болған?
            8. Саша Данаға не деп сөз қайтарды? Дана неге ашуланды?
            9. Ролигіне отырып кеткен Дана не деді? Саша мен Бату не істеді?

                    Дананың әжесі туралы жазылған бөлімдерді оқы. Дананың
                 әжесі кім болғанын, не істегені туралы мақтанып айтқан сөз-
        дерді көп нүктенің орнына қойып айтып бер.
                 Медициналық таңба туралы Дананың айтқан сөздерін тауып
        оқы. Медициналық таңбада не бар екенін айт.
                Әңгіменің басында Батудың Сашаға не айтқанын тауып оқы. Ай-
        тып бер.                                                                       137

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144