Page 143 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 143
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қақпашы special.edu.kz.
Ауыл шеті. Күнде кешке алаң у-шу болып жатады. Ол
жерде балалар қатты беріліп ойын ойнайды.
Ерік, Құралбек, Жанат та сол жерден табылады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Өрістен мал қайтқан уақыт. Осы кезде балалар әзер де-
генде үйлеріне кіреді. Олар ойынды қимайды.
Ойынға берілген балалар кейде төбелесіп те қалады.
Жиналып футбол ойнайды. Ешкімнің қақпашы болғысы
келмейді.
Көбіне балалар арасында келіспеушілік қақпашы сай-
лағанда болады. Құралбек пен Жанат өздерінің жақсы жү-
гіретінін пайдаланады. Сөйтіп олар қақпаға тұрмайды.
Құралбек:
– Ей, Ерік, тез қақпаға тұр.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ерік:
– Неге мен? Кеше де мен. Жанат тұрсын.
Жанат:
– Тұрасың. Сен жүгіре алмайсың. Гол сала алмайсың. Тұр
қақпаға... – деп үшеуі ұрсысып қалды.
Кімнің қарсы жақтың қақпасына доп соққысы келмейді.
Кімнің жақсы ойыншы атанғысы келмейді дейсің?
Көбіне қақпаға Ерікті қояды. Ерік бойы аласа, жай жү-
гіреді.
Қақпада тұрған бала доп соқпайды. Құр ғана қақпаға
допты жібермей тұру керек.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бүгін көрші ауылдың балалары ойынға келді.
– Кәне, қақпаға кім тұрады? – деп шуласты.
Қақпашы болып ең нашар ойнайтын бала тұрады. Бүгін
де солай болды. Ерік пен Жанат шекісіп* қалды.
Ұзын бойлы Жанат пен Ерік төбелесті.
Жанаттың бұйыра айтқан сөзіне Ерік қатты ашуланды.
Ол:
– Мен тұрмаймын қақпаға, – деп сіресті.
special.edu.kz. special.edu.kz. 141 special.edu.kz.