Page 147 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 147
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Несіпбек Айтов special.edu.kz.
(1950 жылы туған)
Несіпбек Айтұлы – балалар ақыны, ау-
дармашы. 1950 жылы Шығыс Түркістан-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ның Тарбағатай аймағында дүниеге келген.
1962 жылы ата-анасымен Қытайдан атаме-
кенге* оралған. Орта мектепті бұрынғы Се-
мей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас
ауылында бітірген. Алғашқы «Балалық» де-
ген өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық
«Жаңа өмір» газетінде жарияланды. Алғашқы кітабы 1974
жылы «Қозыкөш» деген атпен (қазіргі «Жас алаш») газетте
жарық көрді. «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп
ұшқан тырналар», «Рухымның падишасы», «Бәйтерек» атты
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
кітаптары бар. Балаларға арналған «Балабақшаға барар
жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме»,«Сере-
бряный сундучок», «Қартаймайды Күн неге?» атты кітаптары
жарық көрген. «Ескендір қорғаны», «Игорь жорығы туралы
жыр» т.б. аударма кітаптары шыққан.
Француз ақыны Д. Родаридің, сондай-ақ М. Исаковский,
А. Барто, С. Михалков, С. Баруздин, В. Берестов, Т. Сы-
дықов, С. Жусуевтің өлеңдерін аударған.
атамекен – туған жер
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Несіпбек Айтов деген кім?
2. Ақын қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
3. Н. Айтов атамекенге қай жақтан оралған?
4. Алғашқы кітабы қашан жарық көрді?
5. Балаларға арналған қандай кітаптарын білесің?
6. Н. Айтов кімдердің өлеңдерін аударған?
special.edu.kz. special.edu.kz. 145 special.edu.kz.