Page 162 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 162
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қасқыр күшігін қалай үйретеді? special.edu.kz.
Жолда келе жаттым. Артымнан айқай салған дауыс естіл-
ді. Артыма жалт қарадым. Айқайлап, жүгіріп келе жатқан
бақташы баланы көрдім. Оның дауысы кең далада қатты
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
естілді. Ол бірдеңе деп қол бұлғады. Баланың көрсеткен
жағына бірден қарадым.
Бұрылып қарасам, түзде* екі қасқыр қашып барады.
Біреуі – көкжал* қасқыр, екіншісі жастау.
Жастау қасқыр жарылған тоқтыны аяғынан тістеп алған.
Қашып бара жатыр. Көкжалы соңынан еріп келеді.
Бақташымен бірге айқайладық. Қасқырлардың соңына
түстік. Қасқарлар бізді өздеріне жеткізер емес.
Біздің айқайымызды мұжықтар* естіді. Олар да тез арада
жанымызға жетіп келді. Олар өздерімен бірге жеті ит ертіп
жүр екен.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ит ерткен мұжықтар бірден мән-жайды түсіне қойды.
Бәріміз екі қасқырдың артына түстік. Сол сәтте көкжал
қасқыр адамдар мен иттерді бірден байқап қойды. Жас
қасқырды тоқтатты. Тоқтыны жұлып алды. Жұлып алған
тоқтысын арқасына бір-ақ салды. Сөйтті де, жылдамдата
қашып көрінбей де кетті.
Біз оны қуып жете алмайтынымызды түсіндік. Көкжал
қасқырдың соңына түсуді доғардық.
Мен, мұжықтар иттерімен, бақташы бәріміз жиналып
қалдық.
Жиналғандарға бақташы бала істің қалай болғанын айтты:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Сайдың ішінде қой бағып жүрдім. Бір кезде ойламаған
жерден көкжал қасқыр сап ете қалды*. Бірден қойларға қа-
рай шаба жөнелді. Келе сала бір тоқтыны жарып өлтірді.
Сөйтті де, арқасына асып ала қашты.
Осы кезде алдынан жас қасқыр шықты. Жас қасқыр
тоқтыны аяғынан тістеп, арқасына артып* алды... – Бақташы
сөзін жалғап: – Әрі қарай өздеріңіз де көрдіңіздер, – деді.
Шу шыққан уақытта көкжал қасқыр тоқтыны өзіне артып
алады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
160