Page 165 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 165
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Пахом көрші әйелдің жерін сатып алайын деп шешті. special.edu.kz.
Өзінің әйелімен бірге сақтап жүрген ақшасы бар еді.
Омартасының* жартысын сатты. Біразын бажасынан қа-
рызға алды. Сөйтіп ақшаның жартысын жинады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қалаға барып жерді заңдастырды.
«Қалғанын екі жылда төлеймін» деп уәде берді. Сөйтіп
Пахом жерлі болады.
Тұқым астықты қарызға алады да, әлгі жерге егін сеуіп
тастайды. Егіні жақсы шығады. Бір жылда қарызынан да
құтылады. Өз жерін жыртады. Мал жаяды. Сонымен Пахом-
ның жағдайы жақсы болып шыға келді.
бір қасірет – қайғы омарта – бал араның ұясы
серт берді – сөз берді
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Шайтан адамды азғырады, адамға қарсы келеді, адам-
ның жолын бөгейді.
1. Апасы қай жерде тұрады? Ол кімге қонаққа келді?
2. Апасы мен сіңлісі не туралы әңгімелесті?
3. Олардың әңгімесін кім тыңдап жатты? Қай жерде?
4. Пахом «біздегі бір қасірет» деп нені айтты?
5. Ол не деп бөсті? Шайтан деген не? Шайтанға қандай ой келді?
6. Пахом қандай әйелмен көрші тұрады?
7.Ол әйел туралы қандай сөз тарады?
8. Пахом қандай шешім қабылдайды?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
9. Ол ақшаны қайдан алады? Қалаға барып не істейді?
10. Ол қандай серт береді?
11. Пахом жермен не істеді? Қарызынан құтыла алды ма?
12. Пахом жермен не істеді? Жағдайы қалай болды?
Пахомға келген ойды оқы. Оның ойы қаншалықты жүзеге
асқанын әңгімеле.
Пахомның жерді қалай сатып алғаны туралы бөлікті оқы. Айтып
бер.
Көрші әйелден жер сатып алған Пахомның жағдайы қандай
болғанын оқы. Айтып көр. 163
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.