Page 170 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 170

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                    Өрттен құтқарушы иттер                                       special.edu.kz.
                 Өрт болғанда жас балалардың үй ішінде қалып қоюы жиі
             кездеседі. Өйткені балалар қорыққанынан тығылып қалады.
             Олар есікке, терезеге жүгірудің орнына, дыбыс шығармай
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             қалады. Түтіннен қорғанып, ауыздарын жауып үнсіз жатады.
             Ал түтін баланы анықтап көруге мүмкіндік бермейді.   Алып
             шығу да мүмкін емес.
                 Лондонның Боб деген  иті туралы көп естіп едім. Ол екі
             баланы өлімнен аман сақтап қалған екен.  Сондықтан осын-
             дай жағдайларды пайдаланып Лондонға келдім.
                 Өртсөндірушілерге жолықтым. Боб туралы сұрастыр-
             дым. Боб өте ақылды ит екен.
                 Мамандар Лондонда иттерді өрт сөндіруге үйрете
             бастағандарын айтты. Өртсөндірушілер ондай иттерді үнемі
             бірге алып жүреді. Үйден өрт шыға қалған жағдайда, өрт-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             сөндірушілер иттерді сол жерге кіргізіп жібереді.
                 Иттер өрт болып жатқан жерге қорықпай кіре береді.
             Балаларды да жылдам табады. Оларды өртсөндірушілерге
             алып шығуға мүмкіндік жасайды.
                 Бірде үй өртенді. Өртсөндірушілер де әлгі үйге келіп жет-
             ті. Алдыларынан бір әйел жүгіріп шықты. Ол жылап тұрды.
             Үйде екі жасар қызының қалып қойғанын айтты.
                 Өртсөндірушілер бірден Бобты жұмсады. Боб өртсөн-
             дірушілерге  айтып  жатқанды  бірден  түсінді.  Ол  баспал-
             дақтар арқылы жүгіріп үйге кірген. Түтіннен Боб та көрінбей
             кетті.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Бір мезетте Боб үйден шықты. Қарасақ, қызды көйлегі-
             нен тістеп үйден алып шығыпты. Қызының тірі екенін көр-
             генде, анасы жылап жібереді. Құшақтай алды.
                 Өртсөндірушілер итті сылап-сипай бастайды. Жарақат-
             танған жері жоқ па екен деп қарайды.  Бірақ Боб қайтадан
             үйге қарай ұмтыла берді.
                 Өртсөндірушілер үйде тағы бір тірі жан болуы мүмкін деп
             ойлайды. Бобты қайта үйге жібереді.





 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          168
   165   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175