Page 168 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 168

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                      ІІІ                                        special.edu.kz.
                 Пахом түнімен түс көрді. Алдымен үйіне келгенін көрді.
             Жер туралы айтқан мұжықты көрді. Старшынды көрді. Енді
             бір қараса, айыр тұяқты шайтанды көрді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Шошып оянды. Түске не кірмейді деп жақсыға жорыды.
                 Башқұрларға келіп жер сұрады. Олар:
                 – Мына тұрған жердің бәрі біздікі,– деп жауап береді. –
             Қалағаныңды ал, – деді. Пахом қуанып кетеді. Күректі иығы-
             на салып кең далаға қарай жүріп кетті.
                 Жүрген жерлеріне белгі қойып жүрді. Шаршай баста-
             ды. Нан жеп, су ішті. Бірақ жатпады. Ұйықтап қаламын деп
             қорықты.
                 Кеш батып келе жатыр. Кері қайтуға шешім қабылдады.
             Пахомның жағдайы жаман болды. Жүрісі ауырлап, зорға
             келе жатты. Бар ойы демалу болды.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 «Қанағатсыздық* жасадым. Еңбегім еш кетпесе екен», –
             деп уайымдап келеді. «Өліп кетпесем еді», – деп қоя ды.
             Өлімнен де қорқады. Тоқтай да алмайды.
                 Сонша жүргенде көрген түсі есіне түсті.
                 «Ооо, сұм дүние, алдап соқтың, білем», – деді өзіне-өзі.
             Пахом  құлап қалмас үшін аяғын абайлап басып келеді. Күн
             де батып кетті. «Бар еңбегім зая кетті-ау!» –  деп ойлады.
                 Бір  мезетте башқұрлардың шулап жатқанын естіді. Па-
             хом төбеге жүгіріп шықты. Төбе үсті әлі жап-жарық. Көзіне
             бірінші шалынғаны – тымақ.
                 Тымақтың қасында келемеждеп старшын отыр. Сол сәт-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             те Пахомның есіне түнде көрген түсі түсті.
                 – Ай-да! Жарадың, тамыр. Сен енді талай жерге иесің, –
             деп айқайлады старшын.
                 Пахомның жұмыскері қасына жетіп келді. Сүрінген қожа-
             йынын көтерейін деп қараса, оның аузынан қан кетіп жатыр
             екен.
                 Башқұрлар*  басынан сипап, оны аяп жатыр екен. Жұ-
             мысшы  күректі  алып, көрін*  қазды.  Оның  басынан  аяғына
             дейін шақтағанда, қажет жер – үш-ақ кез екен. Байғұсты
             сол жерге көме салды...

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          166
   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173