Page 175 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 175

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                         Түйме қыз                                               special.edu.kz.
                                           (ертегі)
                                                І
            Ертеде бір перзент* көрмеген әйел болыпты. Ол «балам
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        болса ғой» деп армандапты.
            Бір күні ол балгер* кемпірге келіп:
            – Менің ойлайтыным бір перзент болды. Оны қайдан та-
        буға болады? Сен соны айтып берші, – дейді.
            – Несі бар, айтсам айтайын! – дейді балгер кемпір. – Мә,
        мынау – арпаның дәні. Бұл жай дән емес. Мұны гүл өсіретін
        құмыраға отырғыз. Сосын бақыла! Не болатынын өзің
        көресің! – деп шығарып салады.
            Әйел сиқыршы кемпірге рақметін айтты.
            Әйел үйіне келді. Арпаның дәнін гүл егетін құмыраға екті.
        Сол сол-ақ екен, әлгі дәннен қызғалдаққа ұқсас ғажап* гүл
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        өсіп шыға келді.
            – Қандай керемет гүл! – деді де, әйел оның жапырақша-
        сынан сүйіп алды. Сол уақытта бірдеме тырс ете қалды.
            Гүл қауызы ашылып кетті. Оның ортасында түймедей
        ғана қыз отыр екен. Өзі нәзік екен. Үлкендігі түймедей-ақ.
            Бір күні терезеден үйге бір үлкен бақа кіріп келді. Түй-
        ме қыз ұйықтап жатқан. Бақа үстелдің үстіне секіріп шықты.
        Қызды алып қашты.
            – Міне, міне, балама әйел де табылды! – деп қуана кетті.
        Титімдей қыз еңіреп* жылап қоя берді.
            Олар бақаның мекеніне келді. Төңірегі теңіз суы. Құрғаққа
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        шығу мүмкін емес. Кәрі бақа су астындағы ұясын жиысты-
        рып, жас келін үшін үйін құрақпен әшекейлеп жатты.
            Содан соң ол өзінің ұлымен бірге Түйме қыз отырған жа-
        пыраққа жүзіп келді.
            Кәрі бақа суда отырып қызға:
            – Менің балам, сенің болашақ күйеуің, міне, мынау! – деді.
            Түйме қыз үндемеді.
            Су астында  жүзіп жүрген кішкентай  балықтар бақаның
        айт қан сөзін естиді. Кішкентай қызды құтқарайық деп шешті.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                             173       special.edu.kz.
   170   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180