Page 179 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 179

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                     Ұсқынсыз үйрек                                              special.edu.kz.
                                            (үзінді)
                                                І
            Үйректің жұмыртқалары жарылып, сүп-сүйкімді балапан-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        дар шықты.

            Ақыры ең үлкен жұмыртқа да жарылды. Шиқ-шиқ етіп
        ішінен бір балапан шыға келді. Түрі ұсқынсыз.* Үйрек оны
        басынан аяғына дейін қарап шықты.
            «Алпамсадай* ірі бірдеңе ғой мынауың! – деді үйрек.–
        Басқа балапандарыма ең болмаса бір дене мүшесі ұқса-
        сашы! Осындай да ұсқынсыз болады екен-ау...» – деп ойла-
        ды.
            Үйрек барлық балапандарын ертіп сайға барды.
            – Еріңдер соңымнан! Жүріңдер тезірек! – деп, балапанда-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        рына нұсқау берді. Балапандары бірінен соң бірі шолп-шолп
        етіп суға қойды да кетті.

            Ең соңынан ұсқынсыз балапан да суға секірді.
            Балапандар бір сәт су түбіне сүңгиді. Құлшынып жүзе
        жөнелді. Ұсқынсыз балапан да олардан қалысқан жоқ. Ол
        да суға бір сүңгіп, бір шықты. Ұзақ уақыт судан шыққысы
        келмей қалды. Оған су ұнап қалды.
            «Жарғақ ескек табанымен қалай жақсы еседі-ей! Өзі де-
        несін қалай тіп-тік ұстайды! Жоқ, бұл өзімнің туған балам!
        Көріксіз болса бола берсін. Өзімнің балам!» – деп, үйрек
        мақтанышпен қарады.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Ал шапшаң-шапшаң* еріңдер соңымнан! Құс қорасын
        көресіңдер. Ол жерде неше түрлі құс бар. Барлығың  мені
        мұқият тыңдаңдар. Тек менен ұзап кетуші болмаңдар.  Біреу-
        міреу  басып  кетіп  жүрер.  Мысықтан  сақтаныңдар!  –  деп
        кеңес берді.
            Сөйтіп ұсқынсыз үйрек басқа балапандармен бірге құс
        қорасын да көрді. Денесінің епсіздігінен* тамақтан да құр
        қалатын кездері болатын.




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                             177       special.edu.kz.
   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184