Page 177 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 177

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                               ІІ                                                special.edu.kz.

            Бір күні Түйме қыз қарлығашты кезіктірді.
            Қарлығаш:
            – Менімен бірге ұшқың келмей ме? Екеуміз жылы жаққа
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        барамыз. Ол жақта үнемі тек жаз болып тұрады. Ғажап гүл-
        дер өсетін өлкеге* ұшып барамыз! – дейді.
            Түйме қыз ұзақ ойланады. Тышқанды да қимайды.
            Бір мезетте:
            – Жарайды,  жақсы,  мен  сенімен  ұшамын!  –  деді  Түйме
        қыз.
            Қарлығаштың арқасына мінді. Бір қауырсынынан мықтап
        ұстады. Қарлығаш қара орманның, көк теңіздің, қар басқан
        заңғар таулардың үстімен ұшып өтті.

            Ақыры екеуі жылы жаққа ұшып келді. Түйме қызға бұл
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        жер ұнады. Қарлығаш оны өз ұясына алып келді.
            – Міне, мынау менің үйім! – деді қарлығаш. – Ал сен төмен-
        нен бір таңдаған әсем гүліңді көрсет. Мен сені сол гүлге
        алып барып отырғызайын. Сөйтіп, сен де тамаша өмір сүріп
        кетесің.
            – Мен қалай қуаныштымын! Рақмет, саған, қарлығаш! –
        деп өз ризашылығын білдірді тырнақтай қыз.

            Қарлығаш Түйме қызды ақ гүлдің  біріне отырғызды.
                1. Түйме қыз нені кезіктірді? Қарлығаш қыздан не деп сұрады?
                2. Түйме қыз келісімін берді ма? Екеуі қай жаққа ұшып келді?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                3. Қандай жерлермен ұшты?
            4. Қарлығаш Түйме қызды қай жерге алып келді?
            5. Түйме қызды қай жерге отырғызды?
            6. Тырнақтай қыз оған не деп ризашылығын білдірді?
                    Бөлімге ат қой.
                 Түйме қызды жылы жаққа не алып келгенін оқы. Айтып бер.
                Қарлығаш пен Түйме қыздың қай жерлермен ұшқаны жазылған
        бөлікті оқы. Әңгімеле.
                 Түйме қыздың қарлығашқа қалай риза болғанын оқы. Айтып
        бер.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                             175       special.edu.kz.
   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182