Page 203 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 203
special.edu.kz.
special.edu.kz.
III special.edu.kz.
Картер Уотсон бірбеткей* адам еді. Ол өмір бойы қоғам-
танушы адам болатын.
Сот болатын күні прокурор:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Істі екі жақ татуласып, жабуға болады, – деп ұсыныс
жасады.
Уотсон:
– Мен келіспеймін. Қорғаушы жалдаймын.
Прокурор:
– Одан пайда жоқ.
Уотсон:
– Мен бәрібір өз ойымда қаламын.
Сот басталды. Жалған куә* беретін адамдар пайда бол-
ды. Олар:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Уотсон боқтық сөздер айтты, – деді.
Уотсонның тіпті күлкісі келді.
Уотсон: «Құдай-ау, адамдар қандай болып кеткен. Есін
жию үшін бұларға енді қаншама уақыт керек?» – деп ойлады.
Айыптаушылардың сөзіне қарап Уотсон өзін-өзі танымай
отырды.
Жалған куәлік беру кезінде жаңылу көп болды. Күмәнді*,
күдікті көп жағдай болды.
Бірақ сот оларды байқамаған болды.
Уотсон қорғаушының жоқ болғаны дұрыс екенін түсінді.
Бұл айыпталушы тұратын үстелге келді. Іс жөнінде баян-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
дай бастады. Уотсонның сөзін сот бөле берді.
Сот:
– Кім бірінші қол жұмсады? Бізге соны айтыңыз!
Уотсон:
– Құрметті сот. Менің куәлерім жоқ. Менің сөзімді аяғына
дейін тыңдауыңызды сұраймын.
Осы тұста сот тағы да бұның аузына қақпақ* болды.
Соттың бөле бергеніне Уотсон қатты ренжіді.
special.edu.kz. special.edu.kz. 201 special.edu.kz.