Page 201 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 201
special.edu.kz.
special.edu.kz.
II special.edu.kz.
Уотсон жазықсыз таяқ жеді. Ол тұтқындалды. Оның
«Вандом» қожасымен төбелесі газет бетіне мақала болып
шықты.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бұл мақалаларда шындық жоқ еді.
Журналистерге Пэтси мен оның жігіттері:
– Уотсон мас болды. Біз оны үш рет сыртқа сүйреп шығар-
дық. Ол үш рет қайтып келді, – деді.
«Көрнекті социолог мас күйінде тұтқындалған».
«Уотсон чемпион атағынан үміткер!»
«Уотсон өз ісіне қарай сыбағасын алды!» деген мақала-
ларды Уотсон газет бетінен оқыды. Жанында табақтай су-
реті бар.
Уотсон жауапкер ретінде полиция сотына келді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Соттан бұрын прокурор* Уотсонды бөлек шығарып алып,
мынадай ресми* емес әңгіме айтты:
– Осы істі жаба салуға болмас па? Менің сізге ақылым –
сіз Пэтсимен татуласа салыңыз. Сосын істі жабуға сотқа
менің бір-ақ ауыз сөзім жеткілікті.
– Ау, мен сізден көмек сұрап тұрғам жоқ қой. Сіздің мін-
детіңіз мені анау әлгі жексұрынмен татуластыру емес, айып-
тау емес пе?! – деді Уотсон.
– Пэтси сізді сотқа берді. «Мені Вандамға келіп, соққыға
жықты» деді прокурор.
– Ол мені соққыға жықты. Мен де оны сотқа беремін, –
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
деді Уотсон.
– Мен қайталап айтамын: ең дұрысы – сіздердің тату-
ласқандарыңыз,*– деп ашуланып айтты прокурор.
– Бұл сотта сенің жеңуің екіталай, – деді Уотсонның досы.
– Түкке түсінсем бұйырмасын! Қарадан қарап маған біреу
тиіседі. Мені соққыға жығады. Ал мен оған тимедім де. Сөй-
те тұра мені сотқа береді... – деп таңғалды Уотсон.
– Бұл маңызды емес, – деп сөзді досы бөліп жіберді.
special.edu.kz. special.edu.kz. 199 special.edu.kz.