Page 197 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 197

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                               III                                               special.edu.kz.

                                            Жеңіс
            Төреші санап жатыр. Ривера Дэнниді тағы ұрып құлатты.
            Ривераның жаттықтырушысы Роберт жақын келіп:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Бітті, – деді ол. – Өзіңнің бұрышыңа тарт! – Роберт жат-
        тығу кезіндегідей бұйыра сөйледі.
            Ривера тренеріне жалт қарады. Дэннидің орнынан тұруын
        күтіп тұр.
            Үзіліс.  Ривераның бұрышына Келли келді.
            Келли:
            – Мынауыңды доғар! Жеңіл, Ривера! Сені байлыққа ке-
        нелтемін*... келесі жылы Дэннидің жеңуіне мүмкіндік жасай-
        мын. Бүгін сен жеңілуге тиіссің, – деп айтты.
            Ривера оны естігендей болды. Үндемеді.
            Келли:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Бәрібір ұтыласың, – деп отқа май* құйды. – Төреші
        жеңісті саған бермейді. Одан да, құла да, тұрма!
            Келлидің дауысы Ривераны одан сайын ызаландырды.
            Осы сәтте Денни Ривераға ұмтылды. Ривера шегіншектей
        берді. Ривера кеудеден төмен ұрмауға шешті. Бұл жеңіске
        жетуді  қиындатады.
            Ривераның таза жеңіске жетеуі керек. Ривера соққы үсті-
        не соққы алды.
            Сөйтіп күрес жалғасуда. Ривераның бар ойы – тек кеуде
        түйістіріп жақын жібермесе болғаны.
            Дэнидің жанкүйерлері шулауда.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Айқастан қашпа! – деп айғайлады олар Ривераға.
            – Ашыл! Күшік! Өлтір оны! Дэнни, Денни!
            Он жетінші раундта Дэнни  жеңіске  жеткендей  болды.
        Оның ауыр соққысы Ривераны екі бүктеді. Ол шегінді.
            Дэнни бақытты сәтім туды деп ойлады. Қарсылас қазір
        оның еркінде. Жеңіс алыс емес.
            Бірақ Ривера оны айламен* ашық қалдырды.
            Жойқын күшпен иектің астынан ұрды.




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                             195       special.edu.kz.
   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202