Page 195 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 195
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ІІ special.edu.kz.
Астыртын сөз байласу...
... Ешкім күтпеген керемет оқиға болды. Дэннимен Риве-
ра бір-біріне қарап тұрды. Дэнни шалқасынан түсіпті. Дэнни
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мұрттай* ұшты. Оны Ривераның серпе ұрған сол қолы ұшы-
рып түсірген екен. Ривера рингте жалғыз қалды.
Дэнни сәл есі кірген кезде барып қимылдады. Бокс
жанкүйерлері мұндай нокаутты* күтпеген. Әдетте, құла-
тушыны қолпаштап шулайтын. Бұл жолы бәрі тілдерін жұтып
қойғандай тым-тырыс. Олар істің бұлайша боларын күтпе-
ген еді.
Зал секунд санаған төрешінің үнін* тыңдап отыр.
– Мексикалықтың соққысы неткен күшті еді? – деп сыбыр-
лады Дэнни өз жаттықтырушысына.
Секунданты Дэннидің терін сүртіп, желпіп жатты.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Екінші, үшінші раундтарда ерекше сәттер болмады.
Раундтар жалғаса берді.
... жетінші раундта Дэнни де қатты соқты.
Ривера теңселіп барып сәл құламай қалды. Есін жиғыз-
бай Дэнни қайта ұрды. Ривера кермеден* асып шығып кет-
ті. Кермеден асқан Ривера репортерлердің* ортасына түсті.
Репортерлер оны рингке қайта итермеледі.
Ривера бір тізерлей отырып ауыр дем алуда... Керменің
ар жағында бәсекелесі күтіп тұр.
Төреші не араға түспеді, не Дэнниді тежемеді*. Шулаған
жұртта ес қалмады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Біреу өңешін жырта айқайлады.
– Саудасын бітір, Дэнни!
Дэнни қолынан келгенін істеуге дайын тұр. Төреші сегіз
санын айтқанда, Ривера секіріп тұрды. Сөйтті де, бәсекеле-
сін құшақтай алды.
Ривера буынын бекем* ұстады. Тағы да көз алдына ма-
нағы суреттер елестеп кетті... Шөлге тартылған теміржол.
Жандармдар мен американдық кәсіпкерлер. Түрмелер мен
полиция қапастарындағы достары.
special.edu.kz. special.edu.kz. 193 special.edu.kz.