Page 191 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 191
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ІІ special.edu.kz.
Азапты* түн ұзаққа созылды.
Мэйсон көп азаптанды. Ол қиналды. Ұзақ сандырақтады.
Оның ұшқыр қиялы* балалық шағын есіне түсірді. Көлге
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
шомылып жүргенін, қарбыз жұлуға барғанын айтып санды-
рақтап жатты.
Таңға қарай Мэйсон есін жиды. Кид оның сыбырын есту
үшін жақын отырды. Аузына еңкейіп, әр дыбысын тыңдады.
– Біздің Танамен кездескеніміз есіңде ме? – деп сұрады
Мэйсон. – Танамен жолыққаныма төрт жыл болыпты. Тана-
ның аяғы ауыр*. Тек қана ұл туса деген арман. Ол – менің
қаным. Менің балам. Сен, Кит, Тананы бұл жақта қалдырма.
Менің терілерімді сат: одан бес мыңдай шығаруға болады.
Маған Компанияның да соншама берешегі бар. Менің ісімді
өзіңдікімен қоса жүргіз. Менің туған ұлыма жақсы білім
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бер... Менің саудам бітті, Кид. Әрі кетсе, үш немесе төрт
күнде өлемін. Сендерге әрі қарай жүру керек. Сендер әрі
қарай кетуге тиіссіңдер! Есіңде болсын, бұл – менің әйелім,
менің ұлым...
Құдайым-ай! Тек ұл болса екен! Қалмаңдар менің қа-
сымда. Мен кетуге бұйырамын! Өлгелі жатқан адамға құлақ
түр! – деді Мэйсон.
Кид:
– Үш күн берші маған! Мүмкін жағдайың біршама оңалар,
әлі белгісіз ғой қалай болатыны, – деп жалынды.
Мэйсон:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Жоқ.
Кид:
–Тек үш күн.
Мэйсон:
– Кетіңдер! Бұл менің әйелім мен өзімнің ұлым, Кид.
Кид:
– Тек бір ғана күн! Азықты жеткіземіз бірдеңе қылып.
Мүмкін бұлан атып алармын.
Мэйсон:
– Жоқ! Бұйырамын, кетіңдер! 189
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.