Page 186 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 186
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Серуен special.edu.kz.
Көктемнің жылы күндерінің бірі. Сергей, Саша, Ваня
үшеу міз ауыл шетіне серуенге шықтық. Күні бойы таза ау-
ада ойнадық. Содан соң өзен жаққа бардық. Өзеннің суы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сарқырап ағып жатыр екен. Үшеуміз өзен жағасында біраз
жүрдік. Төбемізде керілген көк шатырдай* аспанда жарқы-
раған Күн шуағын аямай төгуде. Күннің жылуынан біздің
бетіміз қызарып, алаулап кетті. Әсіресе Сашаның беті алма-
дай болып кетті.
Күні бойы өзен жағасын, сай сайды аралап жүріп кештің
қалай батқанын да байқамай қалыппыз. Сайдың іші көлең-
келене бастады. Ауыл жақтан үрген иттердің, жайылымнан
қайтқан малдардың дауысы анық естіледі. Біз ауылға қарай
бет алдық.
Міне, біздің көше. Көшенің шетінде бұзылған ескі үй тұр.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бұл үй бос тұрғалы қашан...
– Тоқтаңдар! – деді Сергей.
– Қазір мен сендерге ғажайып* бір нәрсені көрсете-
мін... – деді ол.
Біз таңданып тұра қалдық.
– Көздеріңді жұмыңдар, мұқият тыңдаңдаршы, – деді
Сергей сосын.
Біз көзімізді жұмып, тыңдап тұра қалдық. Сол кезде ескі
үй жақтан әсем әуен естілді. Біз тым-тырыс* болып әлгі
әуенді тыңдап қалыппыз.
Сөйтсек, бұл кішкентай торғайлардың дауысы екен. Олар
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
үйдің кірпіштері түскен қабырғаларының тесіктеріне ұя са-
лыпты.
– Өздері кіп-кішкентай болып алып қандай әдемі ән сала-
ды, – деді Ваня .
– Бізге «Көктем келді!», «Көктем келді!» деп тұрғандай,–
деді Саша. Сергей: – Иә, бұл торғайлар – «көктем жаршыла-
ры». «Көктем жаршылары» деп тағы көкектерді, ұзақтарды,
қарлығаштарды айтуға болады. Олар бізге бірінші болып
көктем мезгілінің келгенін білдіріп тұрады. Бақшамызға
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
184