Page 189 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 189
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Аппақ тыныштық* special.edu.kz.
(үзінді)
Қыстың қақаған аязды күні. Мэйсон аузына қатқан кесек
мұзды түкіріп тастады. Айнала аппақ тыныштық.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мэйсон Кармен атты итінің әбден әлсірегенін аңғарды.
Кармен байғұстың бақайларының арасына мұз қатқан.
Кармен қатқан мұзды тістелеп тазалай бастады.
Карменге қарап: «Атың қандай әдемі болса да өле -
сің-ау», – деп ойлады Мэйсон.
Иттер біртіндеп әлсірей бастады. Ақыры өліп тынды.
Үшеуі де қатты шаршаған. Иттерге қарап үндемей қалды.
Алда із түспеген екі жүз миль жол жатыр. Азық небәрі
алты-ақ күнге жетеді. Ал иттерге жейтін мүлде ештеңе қал-
мады.
Екі аңшы мен бір әйел азын-аулақ таңғы астарын ішуге
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
кірісті. Иттер тамаққа жұтына қарайды. Оларға беретін еш-
теме жоқ.
– Ертеңнен бастап таңертеңгі асты ішпейміз, – деді Мэй-
сон.
– Иттерден көз айырмаңдар. Иттер әбден құтырды. Қара
да тұр, көзің сәл тайса,* бас салудан* да тайынбайды.
Алыстан бір кәрі қарағай сорайып көрінді. Ғасырлар
бойы тұрған ағаш қардың салмағынан ба, әлде қартайды
ма, құлайтын сәті осы екен.
Бәтеңкесінің босап кеткен бауын байлау үшін Мэйсон
ағаштың түбіне отыра кетті.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сытыр еткен дыбыс естілді. Мэйсон қарап та үлгермеді.
Кәрі ағаш бар салмағымен гүрс етіп құлап, Мэйсонды басып
қалды.
Жолдасы Кид пен әйелі Тана Мэйсонға көмекке ұмтыл-
ды. Ағаш астынан Мэйсон әйеліне нұсқау беріп жатты. До-
сына да шығарып алудың жолдарын айтып жатты.
Тана күйеуінің қиналған дыбысын естіп қиналды. Кидке
көмек беруді өтінді.
Мэйлмют Кид қарағайды балтамен шаба бастады.
special.edu.kz. special.edu.kz. 187 special.edu.kz.