Page 199 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 199
special.edu.kz.
special.edu.kz.
КҮМӘН special.edu.kz.
(әңгіме)
Уотсон – қоғам танушы социолог* адам. Ол дәулетті жан.
Журналын қолтығына қысып келе жатты. Уотсон туған қа-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ласында жиырма жылдан бері болған жоқ. Туған қаласын-
дағы өзгерістерді көріп таңғалды.
Осыдан жиырма жыл бұрынғы қалада үш жүз мыңдай
жұмысшы болса, қазіргі күнде жиырма мыңдай халқы бар.
Уотсон жан-жақты зерттеуге шықты. Ол «Вандом» деген
жазуы бар дәмхананың алдына келді.
Мұнда «Вандомның» иесі Пэтси Хоран тамақтанып отыр-
ды. Бүгін оның шаруасы жүрмей, көңілсіз отыр.
– Шық, кәне! Білем мен сендердің кім екендеріңді! – деп
баж* етті қолтығындағы журналға қарап. Ол Уотсонның кім
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
екенін білмейтін еді. Уотсон сасып* қалды.
Пэтси құтырып, жұдырығын ала тұра ұмтылды.
Екеуі төбелесе кетті. Пэтси қолын сілтеді, бірақ тигізе
алмады. Ауаны бос осып өтті. Уотсон жалт бұрылды. Тепе-
теңдікті жоғалтқан Пэтси гүрс құлады.
Уотсон оны тұрғызуға тырысты. Көмек күтті. Залдан жү-
гіріп ірі-ірі алты жігіт айнала қоршап тұра қалды.
– Жігіттер, алыңдаршы мынаны үстімнен! Мен оған тигем
жоқ. Көрдіңдер ғой, – деді Уотсон.
Бірақ қарап тұрғандар үндеген жоқ.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Жігіттер, мына бәлені алып кетіңдерші! – деді Уотсон.
Түрлері суық жігіттер Уотсонды қоршап тұр. Уотсон енді
бұлардың түнгі қарақшылар* екенін түсінді.
Олар Уотсонды қақпайлап Пэтсиге жығып берді. Ор-
нынан тұрған Пэтси Уотсонды ұзақ тепті.
Уотсон ызадан бар күшін салып төбелескісі келді. Бірақ
ойына балалары, бітпей жатқан кітабы түсті. Ол күреспеді.
Тек таяқ жеді.
special.edu.kz. special.edu.kz. 197 special.edu.kz.