Page 50 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 50

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                             Тазша бала                                          special.edu.kz.
                                                     І

                 Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Олардың үш ба-
             ласы бар екен. Малдан бес ешкісі болыпты.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Бір күні үлкен баласы жолға жиналды. Ол басқа жерден
             жұмыс іздеуді ойлады.
                 Үйінен бір ешкіні сойып алады. Сойылған ешкі етінен
             ата-анасына бермеді. Ешкі етін арқалап жолға шықты.
                 Келе жатып бір өнерші байдың үйін көреді. Сол байға
             өнер үйренуге жалданыпты.
                 Өнерші бай қатты жауыз* адам болып шықты. Ол жұ-
             мысқа жалданған жігітті алдады.
                 «Мен сені өнерге үйретемін» деп алдады. Сөйтіп оны сан-
             дыққа салып қойды. Жігіт сандықта аштан өліпті.
                 Үйіндегі ортаншы баласы да жұмыс істемекші болды.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Оның да өнер үйренгісі келді. Өзіне тиесілі ешкісін сойып
             алды.  Сойылған ешкі етінен ата-анасына бермеді. Ешкі етін
             арқалап жолға шықты.
                 Өнерлі байға келіп жалданыпты. Өнерші бай оны да ал-
             дапты. Сандыққа салып, аштан өлтіріпті.
                 Үшінші ұлы – Тазша бала. Ол да жұмыс іздеп шықты. Өзі-
             не тиесілі ешкісін сойып алды. Сойылған ешкінің етінен ата-
             анасына жартысын тастап кетті. Қалған жарты етті арқалап
             жолға шықты.
                 Тазша бала өнерші байға жолықты. Байдың үйіне қонып
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             шықты. Таңертең жолға жиналды.
                 Өнерші бай Тазшадан:
                 – Балам, қайда барасың, жолың болсын? – деп сұрайды.
             Тазша бала:
                 – Мен өзіңдей ер баласы жоққа бала боламын, – деді.
                 Өнерші бай:
                 – Балам, сен біздікінде қал. Маған бала бол. Біздің бір ақ

             қойды сой. Асықты жілігі* мен етін өзің жеп той, – деп тап-
             сырма береді Тазша балаға.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          48
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55