Page 54 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 54

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                    ІІІ                                          special.edu.kz.
                 Тазшаның әкесі базарға бармады. Ол тайлақтың тез  жақ-
             сы бағаға өтіп кеткеніне қуанды.
                 Ал өнерші бай Тазшаның айласын* біліп қойды. Бай жа-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ман оймен тайлақты жүз ділдаға* сатып алды.

                 Тайлақты үйіне жетектеп келді. Асыққан бай үйден қы-
             зын шақырады.
                 – Мына тайлақты ұстай тұр, – деп бұйырды.
                 Өнерші бай пышақ әкелуге жүгіріп кетті. Ол тез арада
             тайлақты бауыздамақшы болды.
                 Өнершінің  қызы тайлақтың  Тазша  екенін  сезді.  Қыз
             әкесінің жаман ниетін білді. Тазшаны жақсы көретін қыз
             тайлақты босатып қоя беріпті.
                 Өнерші бай қашып бара жатқан тайлақты көрді де, ар-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             тынан қуа жөнелді.
                 Тазша бала түлкі болып қашты.

                 Өнерші бай тазы* болып қуды. Өнерші бай қуып жетті.
             Тазша бала түлкіден үйрекке айналып ұшты. Бай қаршыға*
             болып қуды.
                 Біраздан соң Тазша бала торғай болып ұшты.
                 Онда бай қырғи болып соңына түсті.
                 Онан соң Тазша Торғай қалпында шаңыраққа* ұшып келіп
             қонды. Бай қырғи болып жақындады.
                 Тазша қорқып, шүберек болып жерге түсті.
                 Өнерші бай адамға айналып, шүберекті қолына алмақшы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             болды.
                 Тазша тары болып домалады.
                 Онда өнерші бай тауыққа айналды. Ол тарыны  шұқы-
             мақшы болды.
                 Тазша мысыққа айналды.
                 Мысық өнерші байдың желкесіне мініп алды. Өнерші бай-
             ды тістей бастады. Тырнап-тырнап өнерші байды өлтірді.
                 Сөйтіп, оның қызын өзі алып, барша мұратына* жетті.

                                                                          (Ы. Алтынсарин)

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          52
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59