Page 58 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 58

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                              Салақтық                                           special.edu.kz.

                 Кәрім еңбекқор, ақкөңіл жігіт. Оның бір кемшілігі – жуы-
             нуды ұнатпайды. Кір болып жүре береді.
                 – Саған не болды, Кәрім, жуынып жүрсең болмай ма? –
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             деп көрген адамның барлығы одан сұрайды.
                 Кәрім:
                 – Қолым тимейді, – деп жауап береді.
                 Сөйтіп жүргенде оның денесіне шиқан* қаптап, қотыр
             болды.
                 – Кәрім, саған не болды? – деп таныстары сұрады.
                 Кәрім:
                 – Күнәм үшін Құдайдың бір берген сынағы шығар, – деп
             өзін-өзі жұбатады* екен.

                 Оған қарсы таныстары:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Рас, Кәрім, Құдай тағала таза жүрмеген кісіні сүймейді.
             Тым болмаса, жұмасына бір моншаға түссең, үйіңде сабын-
             мен жуынуды әдет етсең, саған шиқан шықпас еді.
                 Сонымен Кәрім ауруханаға жатып емделді. Жуынып, таза
             киім киді. Біраз күнде жазылып үйге шықты.
                 Үйге шыққан соң Кәрім бір зауытқа барып жұмысқа кірді.
                 – Зауыттағы нәрселерді бояйтын бояулардың барлығын-

             да да у болады, – деп бастығы оған ескертті.
                 Бір күні бастығы Кәрімге бір бояуды араластырып қой
             деп тапсырма берді. Араластырып отырып, кәдімгі үйрен-
             ген қалпынша, Кәрім қолын жумай тамаққа отыра кетті. Нан
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             жеді. Қолындағы бояу жұғынының бәрі де жеп отырған на-
             нына жабыса береді.
                 Бір мезгілде Кәрімнің іші бүріп ауыра бастапты. «Зауыт-
             тағы  нәрселерді  бояйтын  бояулардың қай-қайсысында  да
             у болады» деген бастығының сөзі есіне түсті. Сонымен әлгі
             бояу у бояу болып шықты. Ол Кәрімге сабақ болды. Осыдан
             былай Кәрім жуынып, таза жүруді әдетке айналдырды.

                                                                          (Ы. Алтынсарин)



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          56
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63