Page 60 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 60
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Бақыт құсы special.edu.kz.
(ертегі)
– Әке, – деді бірде Әмзе сапардан оралған әкесіне, –
маған бақыт құсын сатып әперші...
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Кезекті сапарына жиналған әкесі мақұлдады. Әмзе әкесін
ұзақ күтті.
Араға айлар, жылдар салып оралған әкесі:
– Таппадым, балам. Бақыт құсы еш жерде сатылмайды
екен, – деді әкесі мұңайып.
Әмзе:
– Ендеше, өзім іздеймін, – деп жауап берді.
Әмзе жолға жиналды. Ол жұмысқа қырсыз* еді. Еш-
теңенің жөнін білмейтін. Құдықтан су тасуды да білмейтін.
Жастайынан ерке өскен. Өз айтқанынан қайтпайтын.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сөйтіп, ол бақыт құсын іздеуге шықты. Жол ұзаққа со-
зылды. Кезіккен адамдардан бақыт құсының қайда екенін
сұраудан жалықпады.
Әмзенің шашына қырау* түсе бастады.
Бір күні ақ сақалды бір қарияға кезікті. Қария жолаушы-
ны күтіп, сый көрсетті. Не шаруамен жүргенін сұрады. Жөн
білісті.
Әмзе өзінің бақыт құсын іздеп шыққанын айтты.
– Қап! – деп өкінді қария. – Бақыт құсын қолыңнан ұшы-
рып алыпсың-ау!
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Жо-жоқ, – деді Әмзе сендіріп, – мен бақыт құсын кезік-
тіре алмай жүрмін.
Қария:
– Жолықтың, бірақ танымадың, – деп айтқанында тұрып
алды. – Сен оны байқамай қалдың. Бағалай да алмадың.
Бақыт құсы саған жас кезіңде қонған еді, – деп сөзін жалғас-
тырды.
Әмзе:
– Әлде, балалықпен байқамадым ба? – ойланып қалды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
58