Page 56 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 56
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Байдың ұлы special.edu.kz.
Бір күні байдың ұлы көшеге ойнауға шығады. Көршінің
баласын да шақырады.
Екеуі бірге көшедегі балаларға келіп қосылады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Көше балаларының біреуі тайына, біреу атына міне баста-
ды. Көршінің баласының мінетін тайы да, аты да жоқ еді. Ол
жыламсырап тұрды.
Байдың ұлы:
– Сенің атың бар ма? Неге мінбейсің? – деп сұрады.
– Атым жоқ, – деп жауап берді бала.
Сонда байдың ұлы аттан түсіп, жаяу барып әкесіне:
– Әке, сіз маған бір жорға* тай атап едіңіз. Сол тайымды
біреуге берсем сіз рұқсат бересіз ба? – деп өтінді баласы.
Әкесі:
– Кімге бересің? – деді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Байдың ұлы жылап тұрған көрші баланы көрсетті.
Әкесі баласын бірден түсінді.
Баласының бетінен сүйіп:
– Тайыңды кімге берсең де өзің білесің, – деді.
Байдың ұлы қатты қуанып кетті.
Көрші балаға тайын әкеп беріп:
– Мына тай саған, – деді.
Көрші бала қатты қуанды. Байдың ұлы мен бала тайла-
рына отырып шауып кетті. Сөйтіп көп балаға қосылып ойна-
ды.
Байдың ұлы мен баланың арасындағы сөзді ауылға қо-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
наққа келген ақсақал естиді. Бай ұлының мырзалығына*
риза болған Ақсақал:
– Ей, Құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер. Мал мен бас
бер, – деп сыртынан батасын берді.
Осы Ақсақалдың батасы қабыл болады. Ақырында бай-
дың ұлы отбасын құрды. Одан он екі ұл туылды. Бәрі де
асқан бай болды. Руды басқарды.
Он екі ата Байұлы деген ру осыдан шықты.
(Ы. Алтынсарин)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
54