Page 52 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 52
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ІІ special.edu.kz.
Тазша баланың итті өлтіргенін бай естіді. Ол қатты ашу-
ланды. Өнерші бай Тазша баланың оның бар өнерін үйреніп
алғанын түсініп қойды. Сөйтіп оны сандыққа салып қояды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Оның өлгенін күтеді.
Байдың қызы әкесінің Тазша балаға жасағанын көріп
қоя ды. Қыз әкесі жоқта Тазшаға көмектеседі.
Ол сандықтың түбін тесіп, Тазшаға тамақ беріп тұрады.
Арада бірнеше күндер өтті.
Тазшаның әкесі балаларын іздеп шықты.
Тазшаның әкесі өнерші байдың үйіне келіп:
– Тазша деген балам бар еді. Көрдіңіз бе? – деп сұрады.
Өнерші бай:
– Көргенім жоқ, – деп жауап береді.
Бұлардың сөйлескендерін Тазша сандықта жатып естіп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қояды.
Тазша бала:
– Әке, мен мұндамын! – деп сандық ішінен айқайлапты.
Әкесі Тазшаның дауысын естіді. Ол байдың сандығынан
оны шығарып алады.
Сөйтіп, Тазша мен әкесі үйіне қайтыпты.
Тазша бала өнерші байдан үйренген өнерін пайдаланғы-
сы келді. Жолда:
Тазша:
– Әке, мен бір қара құнан қой болайын. Сен менің мой-
ныма жіп тақ. Мені базарға апарып жақсы бағаға сат. Бірақ
жібімді үйге алып қайт, – дейді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әкесі оны базарға апарды. Жақсы бағаға сатып, пұлын*,
жібін алып үйіне қайтады.
Ертеңіне Тазша:
– Әке, мен бір қара жорға ат болайын. Мені базарға апа-
рып сат. Шылбырымды* алып қал, – дейді.
Баласы айтқанынша ат болды. Әкесі базарға апарып оны
сатып, шылбырын алып үйіне қайтты.
Ертеңіне баласы тағы өз қалпына түсіпті.
Үйіне келіп әкесіне айтады:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
50