Page 71 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 71
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жусан иісі special.edu.kz.
(үзінді)
Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан сары тон ки-
ген қара бала бір кетпейді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Көзімді сәл жұмсам-ақ балалардың ең соңында жүгіріп келе
жатқан Аянды көргендей боламын. Аян ерекше бала. Ертегіні
жалықпай айтады. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші
жылдың жазында көшіп келген. Аянның әкесі майданға* ат-
танған. Туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің
ауылда әжесінің үйіне келген. Анадай жерде шолақ жең ақ
жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы
бар, тап-таза киінген бір бала тұр екен. Бәріміз жүгіріп әлгінің
қасына келдік. Үстіміздегі киіміміз шаң-топырақ.
– Бұл кім-ей? Қайдан келген-ей? – деп, оған бастан-аяқ
қарап шықтық.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Жүр, жолдас боламыз, – деді Садық оның аппақ білегінен
қап-қара қолымен ұстай алып. Сөйтіп біз дос болып кеттік.
Күз. Оқу басталды. Аян екеуміз бір партаға отырдық.
Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен* көзге түсті. Мұғалімнің
тақтаға жазған әріптерін қатесіз жазады. Жаттауды тез
жаттап алып жүрді.
– Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен. Шіркін,
ағама хат жазар едім, – деп күңкілдейтін.
майданға – соғысқа зеректігімен – ақылы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Шығарма неден басталады? Ойындағы баланың аты кім?
2. Аян қандай бала? Ол нені ұнатады?
3. Ауылға қашан көшіп келді? Кіммен? Аянның ата-анасы қайда?
4. Аян қалай киінген? Балалармен қалай дос болып кетті?
5. Аян мектепте қандай оқушы? Оның арманы қандай?
Ауылға көшіп келген Аян туралы оқы. Тірек сөздерді қолда-
нып әңгімеле.
Тірек сөздер: Аян, ауыл, әжесі, майдан, кекіл, күз, сабақ,
ақылды, хат, ағасы...
Аянның арманын айтып бер.
Аян мен балалардың достығы туралы оқы. Олар қандай дос?
Аянның қандай оқушы екенін оқы. Айт. 69
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.