Page 73 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 73
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ІІІ special.edu.kz.
Жусанның иісі
– Ух, шіркін, мен де соғысқа барсам, фашистерді тура
шетінен қырар едім, – деп айта береді Есікбай.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Біздің бәріміз соғысқа баруды ойлаймыз. Фашистерді*
қыруды көз алдымызға елестетеміз. Сөйтіп әке, ағалары-
мызды тауып алғымыз келеді. Әрқайсысымыз өзімізше ай-
тып, тәтті арманға кететінбіз...
Өзі жетім болған соң ба, кім білсін, Аянның ертегілері
көбіне жетім бала туралы болушы еді.
Аян:
– Әй, мен сендерге бір қызық айтайын ба? – деп көңілді
түрде. – Мен бүгін түсімде ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде
жатарда ағамның пәлтесін басыма жастап, көпке дейін иісін
иіскеп жатқанмын. Ағамның иісі сіңіп қапты. Біртүрлі жусан-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ның иісі сияқты жақсы иіс. Мен жағасына мұрнымды тығып
алдым да, ұзақ-ұзақ иіскедім...
Әжем ылғи: «Сенің ағаңды анау Жусантөбенің үстінде, мал
қайырам деп жүргенде айдалада тапқанмын», – дейтін...
Менің ағамда жусанның иісі содан қалған...
Сөйтіп жатып ұйықтап едім, түсіме кірді...
– Ағамды сағындым, – деп күрсінді.
(С. Мұратбековтен.)
1. Есікбай не деп айта береді? Олар көз алдына нені елестетеді?
2. Балалар қандай арманға кетеді? Аянның ертегілері не туралы?
3. Неге ондай ертегілер айтады? Аян көңілді дауыспен не деп айтты?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4. Ол түсінде кімді көрді? Аян түнде жатарда не істеп еді?
5. Пәлтеде кімнің иісі қалыпты? Пәлтедегі иісті ненің иісіне ұқсатты?
6. Аян оны қалай иіскеп жатты? Әжесі ылғи не дейтін?
7. Ағасында жусанның иісі неден қалған? Аян не деп күрсінді?
Балалардың өзара айта беретін әңгімелерін оқы. Әңгімеле.
Аянның көрген түсі туралы жазылған жолдарды тауып оқы.
Түсінде не көргенін айтып бер.
Аян кімді сағынды? Оқы. Айт.
Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталғанын түсіндір.
special.edu.kz. special.edu.kz. 71 special.edu.kz.