Page 78 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 78

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                              Қар қызы                                           special.edu.kz.
                                                     І
                 – Біз Алтай өңірінде тұрамыз. Дәл осындай қалың қарды
             көрген емеспіз, – деді қариялар өзара*.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Есіктің алдындағы қарды тазалап үлгере алмайсың.
                 Төрт түлік мал омалып* қорада тұр. Жайылым қалың қар
             астында қалды. Малды суатқа* апара да алмай қиналып жүр.
                 Алтай аймағында үш жыл бойы құрғақшылық болды.  Со-
             ның  есесін жауған қар қайтарып жатқандай.
                 Аққала жасап, қарға ойнаған балалар мәз болатын.
                 Енді, міне, малға шөп жетпей, Айыртауға* шөпке Нұржан-
             ды жібергелі жатыр.  Нұржанның суық жаққа барғысы кел-
             мейді.
                 Упрай*:
                 – Айт, айта ғой, Нұржан. Не сұрасаң да беремін, бірақ
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             Айыртауға барасың, – деп  Нұржанның қасына келді. Нұр-
             жан:
                 – Біріншіден, көмекшілікке Аманжанды аламын. Ол өте
             сенімді де мықты жігіт.
                 – Ой, Құдай-ай, – деп Упрай күліп жіберді. Нұржанның
             арқасынан қақты. – Әкет, әкет.
                 – Сонымен, екінші көмекшілікке  Бақытжанды алайын. Ол
             шыдамды жігіт.
                 Упрай:
                 – Ол жігіттің өзі қалай екен, шаруаға қыры жоқ. Мынадай
             жауапкершілігі үлкен, қиын сапарға жарар ма екен? – деді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             – Оның үстіне, биыл қыс қатты, қар қалың.  «Қар қызы...»
             деген бәле оянып кетіпті дейді жұрт. Не құт, не жұт?..*
                 Нұржан:
                 – Ол жағын мен білмейді екенмін.
                 Упрай:
                 – Білмегенің жақсы, бәрібір осы күнгі жастар сенбейді.
                 Нұржан:
                 – Е-е, есіме жаңа түсті... Қар қызы туралы аңызды ай-
             тасыз ғой. Күзде Айыртауға барғанда естігенмін. Рас болса
             ғой, шіркін... – деп қиялдап кетті.

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          76
   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83