Page 80 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 80
special.edu.kz.
special.edu.kz.
II special.edu.kz.
Қар қалың жауғанын қояр емес.
Упрай:
– «Қар қызын» көрсеңдер, сәлем айтыңдар. Үш жыл бойы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
құрғатқаны да жетер, – деп айтты үш жігітке.
– Бір шалға өкпелеймін деп қалың* елді қырып алмасын, –
деп әзілдеді Упрай.
– «Қар қызы» деген аңызды қайдан шығардыңдар? Он-
дай ертегіге қазір бала да сенбейді. Әйда, не тұрыс, кеттік, –
деді Аманжол асығып.
Бақытжан:
– Аға, сіздің үйден таңғы асымызды ішіп шықпаймыз ба?
Қауіпті тапсырмамен аттанып барамыз. Мүмкін, бұл ақырғы
дәміміз шығар... – деп әзілдеді.
Упрай қарқылдап күліп:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Жүріңдер, қоқиқаздарым, – деп, үйіне қарай үш жігіт-
пен бағыт алды.
Сапарға шығатын түн. Нұржан ұйықтай алмады. Ыңғай-
сыз түс көрді. Әрі аунап, бері аунап, тіпті белі талды.
Бір сәтте кірпігі* айқасқандай болып еді, есік сықырлап
ашылды. Үйге аппақ кебіні* бар қыз кіргендей болды...
Қараңғы бөлменің іші жап-жарық болып кетті.
Үндемей тұрған қыздың екі көзі шырақ* болып жанады.
Неге екені белгісіз, Нұржан қорыққан жоқ.
Өңі ме, түсі ме ажырата алмай аунап жатты. Ақ тер, қара
терге түсіп терледі. Бойын қорқыныш, үрей* биледі. «Неге
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
үнім шықпайды? Не болды маған? Япыр-ай, тіпті ояу-ақ
жатқан секілдімін».
Құлағына шешесі мен қарындасының пысылдап ұйық-
тағаны естілді...
Бірақ Нұржан дыбыс шығара алмады. Қатты ұйқыда жат-
са да енді не істеу керек?
Қар қызы деп жүргендері осы шығар... Жүрегі тулап,
алқымына кептелді. Не істеу керек? «Әй!» – деп еді, үні
шықпады. Сонда да өз-өзіне сұрақтар қоя берді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
78