Page 77 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 77

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                               ІІ                                                special.edu.kz.
            Бір күні Тортай ашылып әңгімесін айтты.
            –  Әттең,  жағдай  келсе  Алматыға  барар  едім.  Оқуымды
        одан  әрі  жалғастырар  едім.  Шынымды  айтайыншы,  кітап
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        жазып, жазушы болғым келеді, – деп өз арманын айтты.
        Бұл – Тортайдың сөзі.
            Мектеп, парта, ұстаз көрмеген баланың сөзі. Тортай үшін
        кітаптың орны ерекше.
            – Мен «жалғыздықты», «жетімдікті» кітап оқып жеңемін, –
        дейді ол үнемі. – Айтпақшы, мен бүгін жақсы түс көрдім. Түсім-
        де ақ боз ат жаныма келіп тұр екен. О несі екен? – деді Тор-
        тай.
            – Тортай, сен түбі сол ақ боз атқа мінесің, – деп, мен шын
        көңіліммен оның түсін жақсыға жорыдым.
            Бір күні Тортай  маған ең сүйікті кітабын сыйлады.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Мен үшін де оқы. Бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа
        cен мінерсің, – деді Тортай.
            Осы сәттен бір-бірімізді қимайтынымызды білдік.
            Маған досымның  артқан үлкен үмітін көрдім.
            Менің досым Тортай арманындағы ақ боз атын, өзі мін-
        бей, маған сыйлап тұр. Тортайдың ақжүректілігін, дарқан-
        дығын байқадым.
                                                                            (О. Бөкей)
                1. Бір күні Тортай ашылып не айтты? Ол қайда барғысы келді?
                2. Тортайдың қандай арманы болды? Тортай кім болғысы келді?
                3. Ол үшін ненің орны ерекше?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            4. Ол үнемі не айтып жүрді? Тортай қандай түс көрді?
            5. Түсінде оның жанына не келді? Ат не істеп тұрды?
            6. Тортай не ойлады? Ол Тортайдың түсін қалай жорыды? Не деді?
            7. Бір күні Тортай не істеді? Не деп айтты? Осыдан не байқалады?
                    Тортайдың арманы туралы оқы. Тортайдың Орашқа қандай
                 сыйлық сыйлағанын айт. Бөлімге ат қой.
                Тортайдың  көрген түсін оқы. Ораш оның түсін қалай жорыды?
        Оқы.
                Тортай қандай бала? Оқы. Айт.
             Ақжүрек, зерек, ... ,  ... .   Жалғастыр.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                              75       special.edu.kz.
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82