Page 79 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 79
special.edu.kz.
Упрай: special.edu.kz. special.edu.kz.
– Рас болса сол қызға үйленейін деп пе едің? Бос сөзді
қояйық. Үшінші шартыңды айт, Нұржан.
Нұржан:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Үшіншіден, үстіңіздегі тоныңызды, басыңыздағы құн-
дыз құлақшынды, аяғыңыздағы ақ пиманы бере тұрыңыз.
Упрай:
– Қар қызын алатындай киіндің-ау,– деп күліп жіберді.
Нұржан:
– Аман-есен қайтып оралсам, өзіңізге қайтарамын...
Упрай:
– Бері кел, – деп, Бақытжан мен Аманжанды шақырды. –
Төрге шығыңдар, қоқиқаздар, – деп әзілдеген болды Упрай.
Екеуі бірдей келіп Нұржанның жанына жайғасты.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
омалып – сыртқа шықпау
суат – мал суаратын жер
Упрай – бөлімше басқарушысы
не құт не жұт – не жақсы, не жаман
1. Қариялар қай жерде тұрады? Олар өзара не айтты?
2. Адамдар ауыл, үй арасында не істейді? Малға не болды?
Қайда тұр?
3. Жайылымға не болды? Үш жыл Алтай аймағында не болды?
4. Балалар не үшін мәз? Қалың қарға балалар не үшін қуанды?
5. Упрай Нұржанды қайда жібергелі жатыр? Не үшін?
6. Нұржан неге барғысы келмеді? Упрайға қандай үш шарт қойды?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
7. Упрай оған Қар қызы туралы не айтып күлді?
8. Кімдерді шақырды? Олар әзілдеп не деп айтты?
Нұржанның Упрайға қойған шарттарын оқы.
Тірек сөздер: көмекші, Аманжол, Бақытжан, тон,
құлақшын, ақ пима.
Упрайдың «Қар қызы» аңызы туралы айтқан бөлікті тауып оқы.
Нұржанның оған қиялданып айтқан жауабын әңгімеле.
Қариялардың қай жерде тұратынын оқы. Олардың өзара не айт-
қанын айт.
special.edu.kz. special.edu.kz. 77 special.edu.kz.