Page 6 - Жаратылыстану. Әдістемелік құрал. 8-сынып
P. 6
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ОӘК ерекшеліктері
Жаратылыстану курсын арнайы мектепте оқытудың бір-
неше ерекшелігі бар: оқу ақпаратының көлемі қысқартылған,
арнайы терминдер саны азайтылған, курстың құрылымы
мен мазмұны, себеп-салдар байланыстарын ашу тереңдігі
жеңілдетілген.
«Жаратылыстану. Жануарлар» оқулығында жануарлар,
олардың құрылысының ерекшеліктері, даму және көбею
ерекшеліктері, олардың табиғат пен адам үшін маңызы,
жануарларды қорғау, жануарлар жайлы білімді күнделікті
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
өмірде пайдалану туралы ақпарат ғылыми тұрғыда негіз-
делген, арнайы мектеп оқушыларының қабылдауына же-
ңіл бейімделген түрде берілген.
1. «Сен білесің бе?» айдарында берілген сұрақтарға
жауапты оқушылар сабақ барысында алатын болады.
2. Оқулық мәтінінде, тақырыптың әрі қарай ашылуын
алдын алатын сұрақтар ерекшеленген. Бұл сұрақтарға
жауап беру оқушының бұрынғы білімін өзектендіруді
талап етеді. Оқушылар өз жауабын сұрақтың астында
берілген автор жауабымен салыстыра алады.
3. Әрбір мәтіннің соңында күрделілік деңгейі бойынша
сараланған сұрақтар ұсынылған: күрделілік деңгейі
төмен сұрақ – тану, күрделілік деңгейі орташа сұрақ –
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
түсіну, күрделілік деңгейі жоғары сұрақ – алған білімін
қолдану. Қалауы бойынша мұғалім егжей-тегжейлі
сұрастыруына болады.
4. Оқулықтағы суреттер мәтіндік материалды толықты-
рады. Жануардың немесе үдерістің визуалды бейнесі
негізінде оқушылар қорытынды жасайды, білімді іздеп
табады.
5. Оқулықтың соңында сөздік берілген. Сөздер тараулар
бойынша, сабақта өтілу ретімен орналастырылған.
Бұл сөздер танысу, енжар сөздікті толтыру үшін
ұсынылады, оларды белсенді сөздікке енгізудің қажеті
жоқ.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4