Page 193 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 193
2. Мәтінді оқып, қолданылған тілдік құ-
ралдары арқылы стилін анықтаңдар.
1990 жылға дейін Қазақстан халқының
демографиялық жағдайы тұрғындар са-
нының ұдайы қарқынды өсуімен, қалада
тұрушылар үлесінің шұғыл артуымен, ұлт-
тық құрамының қарқынды араласуымен,
халық тығыздығының біркелкі болмауымен
сипатталды. 1990 жылдан кейінгі кезең-
де славян, герман тектес тұрғындардың
тарихи Отанына қоныс аударуы көбейіп,
республика халқы едәуір азайды, қазақ
және басқа түркі тектес халықтардың үлесі
артты. Сондай-ақ нарықтық қатынастарға
байланысты ішкі көші-қонның әсерімен
қала тұрғындарының саны өсе бастады.
1917 жылға дейін Қазақстан қалаларын-
да жалпы халықтың 9,7%-ы тұрды. Соғыс-
қа дейінгі жылдарда қала халқының өсуіне
Қазақстанның минералдық шикізат қорла-
рын игеру, ірі теміржол құрылыстарын салу
факторлары әсер етті.
1939 жылы қала халқы 3,3 есе өсіп, қа-
лалық елді мекендер саны 81-ге жетті. Со-
192