Page 198 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 198
§ 4. Қазақстанның демографиялық
саясаты
1. Сұрақтар төңірегінде өз ойларыңмен
бөлісіңдер.
1. «Елдің басты қазынасы – халық» деген
оймен келісесіңдер ме? Неліктен?
2. Халық санының өсуі немесе кемуі мем-
лекеттің бақылауында болуы мүмкін бе?
Әлде оған әсер ететін басқа факторлар
бар ма? Ойларыңды дәлелдеңдер.
3. Мемлекеттің демографиялық саясаты
қандай болуы мүмкін? Барлық мемлекет
бірдей демографиялық саясат ұстана ма?
2. Мәтінді мұқият оқып, мәтіннің жазылу
стилін анықтаңдар. Мәтінде қолданыл-
ған тілдік құралдарға назар аударыңдар.
Қазақстан Республикасының Прези-
денті Н. Назарбаев 2012 жылы 14 желтоқ-
сандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба-
ғыты» атты Жолдауында ХХІ ғасырдың жа-
һандық он сын-қатері қатарында жаһандық
демографиялық теңгерімсіздікті атайды.
197