Page 200 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 200
Мен сіздерді жалпыға ортақ еңбек қоға-
мына бастап келемін, онда жұмыссыздар
жай ғана жәрдемақы алушылар емес, олар
жаңа кәсіптерді меңгеретін болады, мүге-
дектер жасампаздық қызметпен белсенді
түрде айналыса алады, ал корпорациялар
мен компаниялар олардың еңбегі үшін ла-
йықты жағдай жасай алады.
Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-
білімді игеруге, жаңа машықтар алуға,
білім мен технологияны күнделікті өмірде
шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл
үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы
жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек».
(Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауынан)
3. Ақпараттарды өмірлік мәселелермен
байланыстыра отырып, сұрақтарға
жауап беріңдер.
1. Елбасының алаңдауының басты себебі
неде?
2. Сендердің ойларыңша, ұлттың қар-
таюы елдің дамуына кедергі келтіре ме?
199