Page 201 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 201
Әлде оның салдары басқа болуы мүм-
кін бе?
3. Қазақстандағы орташа жас 50 жас
болғанда, қалыптасқан жағдай қалай өз-
геруі мүмкін? Ойларыңды дәлелдеңдер.
Талғаулы салалас құрмаластар
Талғаулы салаластың құрамында-
ғы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз,
дербес әрекеттерді баяндайды да, сол
әрекеттердің тек біреуі ғана жүзеге
асатынын білдіреді. Жай сөйлемдер са-
лаласа және тек жалғаулық шылаулар
арқылы байланысады, араларына үтір
қойылады. Сөйлемге талғаулық мағына
беретін жалғаулықтар: не, немесе, я,
яки, болмаса, әйтпесе, әлде.
Мысалы: Бұл істің шындығын не кө-
зімен көрген айтар, не құлағымен есті-
ген айтар (Б. Майлин). Бірге барғанымыз
дұрыс-ау, болмаса өзім бара беремін
(Ә. Нұршайықов).
200