Page 202 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 202
Ескерту: Екі жай сөйлемнің арасын-
да немесе шылауы бір рет келсе, онда
сөйлемдер арасына үтір қойылмайды.
Мысалы: Өзі кетіп құтылды ма екен
немесе ағасының ықпалы болып па
(Б. Майлин)? Сөз бен қылық суық көңілді
жылытады немесе жылы көңілді суыта-
ды (Ғ. Мұстафин).
4. Талғаулықты салалас құрмаластарды то-
лықтырып жазыңдар. Өздерің де тақырыпқа
қатысты бірнеше сөйлем құрастырыңдар.
1. Елдегі жас сәбилерге мемлекеттік қол-
дау көрсету керек немесе ... .
2. Не шетелдегі қандастарымызды елге
қайтарудың жаңа жобаларын жүзеге асыру
қажет, не ... .
3. Қазақстанда демографиялық ахуал-
ды жақсарту үшін я табиғи өсімді көтеру
қажет, я ... .
5. Кестедегі демографиялық болжамға
назар аударыңдар. Болашақтағы демог-
рафиялық ахуалдың проценттік көрсет-
201