Page 196 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 196
6. Мәтіндегі жай сөйлемдерден салалас құр-
малас сөйлемдер құрастырып жазыңдар.
1897 жылы бүкілресейлік халық санағы-
ның мәліметі бойынша, қазіргі Қазақстан
аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар,
12%-ын славян тектес халықтар құраған.
1897-1913 жылдар аралығында мұндағы
халық саны қоныс аударған орыс, украин,
беларусь, татар, ұйғыр, дүнген т.б. шет
жұрттықтар есебінен 1 264,0 мың адамға
көбейген.
Кеңестік дәуірде, әсіресе 1930 жылдан
кейін елімізге сырт өлкеден халық толас-
сыз келумен болды. 1937 жылы алғаш-
қылардың бірі болып Қиыр Шығыстағы
корейлер көшірілді. Олар, негізінен, Қа-
зақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік
аудандарына қоныстандырылды. 1937-
1944 жылдары тұтас ұлттарды атажұрты-
нан Қазақстан аумағына күштеп көшіру
науқаны жүргізілді.
195