Page 79 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 79
жылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық
одақтар қалыптасты. Қазақстанның оң-
түстік, шығыс және орталық аудандарын
мекендеген тайпалар сақ тайпалар ода-
ғына, ал батыс, солтүстік аудандарын-
дағы тайпалар савроматтар тайпалық
бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан
бұрынғы ІІІ ғасырда Қазақстан жерінде
кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып,
алыс-жақын елдермен саяси қарым-
қатынастарға түсті. Олардың алғашқы-
лары ғұндар болатын. Зерттеушілер ғұн-
дарды түріктердің арғы ата-бабалары
деп есептейді. Мөде басқарған кезде
ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың
батысқа жорығы «Халықтардың ұлы қо-
ныс аударуына» түрткі болды. Жетісу-
да ежелгі тиграхауда сақтарының жерін
мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің
заманымыздан бұрынғы 160 жылдары
Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар
Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тай-
78