Page 84 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 84
Ақындар өлең оқыды жырға бөленіп.
Күйшілер шертті Тәттімбет,
Құрманғазыдан,
Домбыра – дала шанағына тұнған
қазынам.
Алтын күн алтын далама құйыпты нұрын,
Желбіреп тұрған Көк Туым –
биік тұғырым.
Оралып батыр, билерім,
хандарым ойға,
Іргеміз бүтін ел болдық, тәуба, Құдайға!
Қазақстан, Астана, өзен-көл,
тау-тасым енді
Әлемнің барлық жаңарған
картасына енді.
Бостандығымның күн санап асқақтап әні,
Нұрлы болашаққа рухымыз
бастап барады.
Ғаламға жайдың аспанға қазақ
ұшқанын,
Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!
(Бауыржан Жақып)
83