Page 83 - Қазақ тілі 1 бөлім 10 сынып
P. 83
Мағжан боп өзі қаулаған
дара ойды көрдім.
Мұстафа, Халел, Жақып пен
Әлімхандарың,
Міржақып, Ахмет, Жүсіпбек,
Әлихандарың...
Бауырыңа қайта оралды өз арыстарың,
Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!
Көне ғасырлар сыр ашты,
гүлге де орандың,
Пырағы жетті Күлтегін, Білге қағанның.
Рухсыз жүдеп тұр еді жұтап даласы,
Қайта жаңғырды Отырар кітапханасы.
Түркістаныма тайқазан – құтым оралды,
Көне Таразым жинады бүкіл адамды.
Тарихтың дариялары терең өрілді,
Арыстан баб пен Ясауи жебеді елімді.
Естілді қайта жаңғырып көне сарындар,
Бабыр, Фараби, Қашқари, Баласағұндар.
Ұрпаққа жетті өзгермей бәз алыстағы үн,
Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!
Құлпырды жерім қызғалдақ
нұрға кенеліп,
82