Page 128 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 128
Рекреациялық ресурстар дегеніміз –
адамдардың физикалық және рухани жағ-
дайын қалпына келтіруге арналған табиғи,
табиғи-техникалық, әлеуметтік-экономика-
лық кешендердің бірлігі. Рекреациялық ре-
сурстар курорттық, сауықтырғыш, спорт-
тық және экскурсиялық-туристік болып
бөлінеді.
Салалас құрмалас
сөйлемдерге байланысты
қойылатын тыныс белгілері
1. Жалғаулықсыз және жалғаулық
шылаулар арқылы байланысқан салалас
құрмаластың жай сөйлемдері, негізінен,
үтір арқылы ажыратылады: Қартайдық,
қайғы ойладық, ұлғайды арман (Абай).
2. Жалғаулықсыз қарсылықты сала-
лас құрамындағы жай сөйлемдер ара-
сына үтір мен сызықша қойылады: Тұра-
йын деп еді, – тұра алмады (С. Мұқанов).
3. Салаласқа енген жай сөйлемдегі іс
шұғыл түрде өткен болса не біріндегі іске
127