Page 129 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 129

екіншісіндегі іс қарама-қарсы қойылып

                айтылса, арасына сызықша қойылады.

                Айтты – көндім, алды – бердім (Абай)...
                    4. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөй-

                лемдердің арасына қос нүкте қойылады:

                Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті

                екеу-ақ: олар – ой ұлылығы мен сұлулық

                ұлылығы (Ғ. Мүсірепов).
                    5. Түсіндірмелі салаластың алғаш-

                қы жай сөйлемі сонша, сондай, сол,

                мынау себебі сөздерімен аяқталса,

                олардан соң сызықша қойылады. Оның

                қорыққандығы сондай – не айтқанын
                білген жоқ.

                    6. Өйткені, себебі жалғаулықтары тү-

                сіп қалып жасалған салаластардың жай

                сөйлемдері арасына қос нүкте қойыла-

                ды: Жайлаудың көлдеріне сене беруге
                болмайды: құрғақшылық жылы олар-

                дың көбі тартылып қалады (С. Мұқанов).

                    7. Салаласа байланысқан жай сөй-

                лемдердің арасында және жалғаулығы

                тұрса, үтір қойылмайды: Бұл бие ерте
                құлындайды және құлыны өзіне тартқан

                құла болады (С. Мұқанов).




             128
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134