Page 134 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 134
ликаның әрбір тұрғынына 15 га ауылшар-
уашылығы жерінен келеді. Өзге елдермен
салыстырсақ, Ресейде бұл көрсеткіш –
0,87 га; Канадада – 1,7 га; АҚШ-та –
0,54 га; Жапонияда 0,03 га-ға тең.
Қазақстан су ресурсына онша бай емес
және олар біркелкі таралмаған. Елімізде
ішкі су ресурсы 115,3 млрд м -ты құрайды.
3
Оның 60,4 млрд м су қоры республика
3
аумағында, ал 54,9 млрд м су қоры көр-
3
ші елдерден келеді. Су қорының жиналуы
еліміздің географиялық жағдайымен тығыз
байланысты. Қазақстанда жалпы саны 85
мыңға жуық өзен, 48 мыңнан астам көл
бар. Көптеген өзен сортаңдар мен құмдар-
ға сіңіп, ізін жоғалтады. Көлдердің жалпы
ауданы – 45 мың км , оның 94%-ының ауда-
2
ны 1 км -ден аспайды. Ірі көлдерге Балқаш,
2
Зайсан, Алакөл, Теңіз, Марқакөл т.б. жата-
ды. Елімізде 4 мыңнан астам тоған мен су
қоймалары бар. Ондағы сулар егістік жерді
суару үшін, электр энергиясын өндіру үшін,
сондай-ақ өндірісте пайдаланылады.
133