Page 137 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 137

3. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөй-

                лемнің  ортасында  келсе,  үтір  екі  жа-

                ғынан қойылады: Көңілің, суын ішсең,

                басылады (Ы. Алтынсарин).

                    Ескерту. Тұлғасы жағынан бағының-

                қы сөйлемнің баяндауышына ұқсас бо-

                лып келетін сөздері бар сөйлемнің бәрі

                құрмалас емес, үтір қойылмайды. Атап

                айтсақ:

                    1. Болса деген сөзбен келетін күр-

                делі бастауышты, күрделі анықтауышты

                сөйлемдер: Әсет болса (күрделі бас-

                тауыш) күлкіден жарылғалы тұр. Оның

                болса (күрделі анықтауыш) күлуге мұр-

                шасы жоқ.

                    2. Болмаса шылауымен келген сөй-

                лемдер: Кітап болмаса альбом қарай

                тұр. Бүгін болмаса ертең сәті түсер.

                    3. Тұлғасы жағынан бағыныңқы сөй-

                лемге ұқсас (ай туа, ымырт үйіріле,

                күн шыға т.б.) тіркестер: Таң ата үйге-

                жеттік. Көз байлана ауылға ат басын

                тіредік.




             136
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142