Page 135 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 135
Қазақстан аумағы өсімдіктерінің алуан
түрлілігімен ерекшеленеді. Елімізде өсім-
діктердің 5700-дей түрі кездеседі. Оның
14%-ы біздің елімізде ғана өссе, 279 түрі
Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Республика аумағы орманға өте тапшы.
Орман алқабы бар болғаны – 13 млн га.
Бұл барлық аумақтың 4%-ын ғана құрайды.
Қазақстан орманының басым бөлігі – сек-
сеуіл ағашы. Ол көбіне шөлді аумақтарда
өседі. Қылқанжапырақты ормандар Тянь-
Шань, Жетісу Алатауы, Алтай тауларында
кездеседі.
Жануарлар дүниесінде сүтқоректілердің
155 түрі; құстардың 480 түрі; бауырымен
жорғалаушылардың 49 түрі; балықтардың
150 түрі бар. Биологиялық ресурстардың
ішіндегі негізгісі – балық ресурсы. Қымбат
бағаланатын қызыл балықтың 90%-ы Кас-
пий теңізінен ауланады.
Қазақстанның табиғат ресурстарымен
қамтамасыз етілуі өте жоғары және ша-
руашылықты өз ресурстарын пайдаланып
134