Page 133 - Қазақ тілі 2 бөлім 10 сынып
P. 133
Еліміз пайдалы қазбалардың аса бай
қорына ие. Жер қойнауынан Менделеев
кестесіндегі 109 элементтің 99-ы ашылып,
оның 60-қа жуығы зерттеліп, өндіріске
таратылған. Еліміз дүниежүзі бойынша
вольфрам қорынан бірінші; хромит, уран,
фосфор кендерінен екінші; марганец қо-
рынан үшінші; қорғасын мен молибденнен
төртінші; ал темір қоры бойынша сегізінші
орында. Қазақстан мұнай мен газ қоры
бойынша да көптеген елдерден алда тұр.
Қазақстанның жер ресурсы орасан зор:
оның жалпы көлемі 270,1 млн гектарды
құрайды. Мұндағы жер көлемінің 82%-ы –
ауылшаруашылығына жарамды жер. Оның
жайылым мен шабындыққа жарамдысы –
190 млн га, ал жыртылған жер көлемі –
36 млн га. Бірақ еліміздің нарықтық эко-
номикаға көшуіне байланысты жыртылған
жердің көлемі біртіндеп азаюда. Қазақ-
стан дүниежүзінде жыртылған жер көлемі
жөнінен алтыншы; ал жайылым мен ша-
бындықтан төртінші орында тұр. Респуб-
132