Page 186 - Алгебра 2 бөлім 10 сынып
P. 186
Түрлі тәжірибелер, бақылаулар және
өлшемдер нәтижелері оқиғалар болып та-
былады.
Мысал: 2. 1) Тиынды лақтырғанда «ел-
таңба» жағымен түсуі;
2) тиынды лақтырғанда «сан» жағымен
түсуі.
Сынақ немесе тәжірибе дегеніміз қа-
растырылатын оқиғаның орындалаты-
нын немесе орындалмайтынын білдіретін
шарттар жиыны.
Шарттар жиыны көп рет қайталанған
кезде тәжірибелер жиынтығы деп атала-
ды.
Оқиғаны белгілеу үшін А , В , С және т.б.
әріптері қолданылады.
Оқиғалар ақиқат оқиға, кездейсоқ оқи-
ға және мүмкін емес оқиға деп бөлінеді.
185