Page 188 - Алгебра 2 бөлім 10 сынып
P. 188
1) «тоғызыншы сынып оқушылары ал-
гебра пәнін оқиды»;
2) «күзден кейін қыс түседі».
Мүмкін емес оқиғаның мысалы:
1) «5 тг жазуы бар тиынды лақтырғанда
тиын 2 тг жазуы бар жағымен түседі»;
2) «маусым айынан кейін қаңтар айы ке-
леді».
Тәжірибе нәтижесінде түр-
лі кездейсоқ оқиғалар болуы
мүмкін. «Ойын сүйегін лақ-
тырған кезде 4 саны түсті»
кездейсоқ оқиғасы элемен-
тар оқиға болады, себебі оны бірнеше
оқиғаға бөлуге болмайды. «Ойын сүйегін
лақтырған кезде ұпайы тақ саны болды»
оқиғасы элементар оқиға болмайды, сон-
дықтан оны бірнеше оқиғаға бөлуге бола-
ды. Яғни, «Ойын сүйегін лақтырған кезде
бір ұпай түсті», «Ойын сүйегін лақтырған
кезде үш ұпай түсті», «Ойын сүйегін лақ-
тырған кезде бес ұпай түсті» оқиғаларына
бөлуге болады.
187