Page 189 - Алгебра 2 бөлім 10 сынып
P. 189
Бірнеше жай оқиғаларға бөлуге бол-
майтын оқиға элементар оқиға деп ата-
лады.
Күтілетін оқиғаны беретін тәжірибе
нәтижесі қолайлы нәтиже деп аталады.
Мысал: 4. Сыныпта 25 оқушы бар.
Олардың 17-сі ер бала. А оқиғасы: «Кез-
дейсоқ таңдап алынған оқушы — ер бала»
болсын. Онда А оқиғасының қолайлы нә-
тижесі 17-ге тең.
Егер қандай да бір жиыннан оның бір
элементі таңдалатын және басқа эле-
менттерімен салыстырғанда бірдей қа-
растырылатын болса, онда жиынның әр-
бір элементіне бірдей мүмкіндік туады
(теңмүмкіндік принципі). Мұндай оқиғалар
теңмүмкіндікті оқиғалар деп аталады.
Мүмкіндіктері бірдей болатын тәжі-
рибенің нәтижелері теңмүмкіндікті нә-
тижелер деп аталады.
188