Page 215 - Алгебра 2 бөлім 10 сынып
P. 215
§ 21. Геометриялық ықтималдық
Есептерді шығару барысында геомет-
риялық ықтималдықты қолдануды үйре-
несіңдер.
Классикалық және статистикалық ық-
тималдықтармен қатар практикада гео-
метриялық ықтималдық қолданылады.
Классикалық ықтималдық нәтижелер
теңмүмкіндікті болғанда ғана қолданыла-
тынын және нәтижелер саны шектеулі бо-
латынын білесіңдер. Статистикалық ықти-
малдықты қолдану тәжірибелер жүргізуді
қажет етеді. Мүмкін нәтижелер саны шек-
сіз болған жағдайда геометриялық ықти-
малдық қолданылады.
Геометриялық ықтималдық —нүктенің
кесіндіге, жазықтық пен кеңістік фигура-
ларының бөлігіне түсу ықтималдығы.
Мысал: 1. Жазықтықта қандай да бiр
D фигурасы және D фигурасының бiр
214